30 қыркүйек Атырау қаласында «Қазақ тілі және жасанды интеллект: теориядан практикаға» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы М.А.Жанасова және Тілдерді оқыту орталығының директоры Г.Н.Төлегенова қатысып, Атырау облысы әкімдігінің Алғысхатымен марапатталды.
Мемлекеттік тілді оқыту мен дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – заман талабына сай жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам.
Сіздерді марапаттарыңызбен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз!









