«Бесеудің хаты» тарихи оқиға.
Жиырмасыншы ғасырдағы ұжымдастыру науқаны елді жаппай аштыққа ұшыратып, ел басына зауал тудырды. Зымиян саясатқа қарсылық білдірген Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев сынды қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде Сталинге арнап хат жазады. Сұрапыл кездің шындығын көрсеткен наразылық хаты сол кезде ел басқарған Голощекиннің қолына түскен…