«Қазақ тілі – ұлттар бірлігінің ұйытқысы» тақырыбында семинар өтті
Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының, «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Қазтрансгаз аймақ» АҚ мекемесінде «Қазақ тілі – ұлттар бірлігінің ұйытқысы» тақырыбында семинар өтті. Бұл семинарға Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары мен директоры К.Х.Сергазина қатысып, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде рөлін қалай күшейтуге болатыны жайлы және тіл үйренушілерге қажетті бағдарламалар мен курстар туралы баяндама оқыды.