“Мемлекеттік тілдің қоғамдағы ролі мен қызметі” дөңгелек үстелі өтті
Бүгін Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде “Мемлекеттік тілдің қоғамдағы ролі мен қызметі” дөңгелек үстелі өтті. Бас қосуға Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы директоры К.Х.Сергазина қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесі және қазақ тілінің қолданыс аясын арттырудың маңыздылығы жайында кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, аймақтағы мекемелердегі мемлекеттік тілдің деңгейі және оны жетік меңгеру мәселесі үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары қызығушылық танытып, алдағы уақытта мемлекеттік тіл бойынша семинар өткізуге ұсыныс жасады.