Биыл педагогтердің кәсіби мейрамы ресми түрде бекітіліп, Халықаралық мұғалімдер күніне сәйкес 5 қазанға белгіленді. Ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі мен ағартушылық қызметі әрқашанда құрметке ие. Ұстаз – мектептің жүрегі.
Келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, елі мен жерін сүйетін, ұлтқа қызмет ететін адал азамат ретінде қалыптастыру – баршамызға жүктелген үлкен міндет.