Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Сергазина Хромтау ауданына барып, “Мен қазақ тілінде қызмет көрсетемін” акциясы аясында тілдік әлеуетті арттыру мақсатында орта бизнес өкілдеріне, халыққа қызмет көрсету қызметкерлеріне, сатушылар мен тұтынушыларға мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көптеген сұрақтарға жауап берді. Қоғамдағы маңызды сегіз салаға байланысты сөздер мен сөз орамдары қамтылған “Тілашар” сөздіктер мен буклеттерді тегін таратты.