«Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» республикалық әдістемелік онлайн семинар
Бүгін, ҚР тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету, озық тәжірибені зерделеу, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн семинар өтті. Семинарға «Қазақ тілін үйренудің 10 тәсілі» тақырыбымен Талапова Гүлнар Маратқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қосымша білім беру бөлімінің бастығы, «Мемлекеттік тілді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбымен Муканбаева Жулдыз Бакытбековна, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, «Мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі: жобалық жұмыстар» тақырыбымен Есимова Айгерим Есетқызы, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері және «Тіл үйретудегі айтылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер» тақырыбымен Умарова Жанар Адилкызы, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында спикерлерге қатысқаны үшін алғыс хат, қатысушыларға сертификат табысталды.