Кеше Тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Сергазина мен орынбасары Гүлсайран Төлегенова Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінде «Қазақ тілінің қоғамдағы құндылығы және мемлекеттік органдардағы қолданылу барысы» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Шара барысында жаңа әліпбидің маңыздылығы мен қажеттілігі, ерекшеліктері мен емле ережелері туралы ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Орталық директоры қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің басымдықта болуына тоқталып, жастар жағына ұлттық құндылықтарымыз бен сан ғасырлық дәстүрімізді жас ұрпақ санасына сіңіру үшін балаларды қазақ мектебіне беру маңыздылығын баса айтты. Және қызметте қажетті, тұрмыста пайдалы тілдік интернет ресурстарды атап өтті. Жиын соңында азаматтық қорғау полковнигі Айбат Жанабергенов Тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Сергазинаға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамытуда бірге жұмыс жасауға тілектестік білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған