Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге Тілдерді дамыту басқармасының баспасөз брифингі өткізілді. Брифингте “Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары” бөлімінің басшысы М.Жанасова мен Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Сергазина облыстағы тіл саясаты саласындағы өткізілген 11 айлық жұмыстар туралы ақпаратты баяндады. Клара Хакімғалиқызы журналистерге оқу курстары, оқу бағдарламасы туралы сұрақтарға жауап берді.