Заманауи әдістер мен технологиялар – тіл үйретудің жаңа мүмкіндіктері!

2024 жылғы 20 қарашада Қостанай “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы мен Ақтөбе Тілдерді оқыту орталығы бірлесіп, орталықтың оқу-әдістемелік құралдарымен танысу, тіл үйрету курстарының тиімділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тілді оқытуда заманауи әдістер мен тиімді технологияларды пайдалану» атты аймақтық екі өңірдің педагогтерінің тәжірибе алмасу кеңесін өткізді. Осы кеңесте Ақтөбе Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары:
🔹 А.Е. Оңталап «Цифрлық білім: мемлекеттік тілді үйретудегі әлеуметтік желінің рөлі» тақырыбында сөз сөйлеп, әлеуметтік желілердің тілді оқыту үдерісіндегі маңызына тоқталды.
🔹 З.Ж. Құлекенова «Мемлекеттік тіл: цифрлық сауаттылық және технологиялық құралдар» тақырыбында заманауи технологиялардың артықшылықтарын және жасанды интеллектінің білім беру саласындағы тиімділігін ерекше атап өтті.
🔹 Семинарға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары мен тыңдаушылары, Қостанай облысы аудандары мен Ақтөбе Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары ZOOM платформасында қашықтан қатысты.

You may also like...