ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілде үздік подкаст әзірлеген тіл үйренушілерді анықтау және олардың жетістіктерін насихаттау, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту,азаматтарды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталандыру, қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен санын арттыру мақсатында «Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауын ұйымдастырды. Осы 40-тан астам өтінім келіп түскен шарада әріптесіміз Шыңғысхан Берікұлы Түменбаев алға шығып, «Шешендік шеберлік» номинациясымен марапатталды. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз! Отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс тілейміз!