2023 жылғы 14 желтоқсанда ZOOM платформасында Ресей, Қырғызстан және Түркия, 3 мемлекеттің басын қосқан “Татулық-достықтың киелі бесігі” атты тақырыбында онлайн диалог алаңы өтті. Шетелдегі қандастарымыздың ана тілін үйренуіне жағдай жасау және ынтымақтастықты одан әрі нығайту, алдағы жоспарлы іс-шараларды әріптестік бағдарлау, ұсыныс-пікір білдіру мақсатында ұйымдастырылған шараға: “Отандастар қоры” КеАқ Президенті, Самара, Таулы Алтай Республикасы, Қос ағаш, Челябі, Новосібір, Томск, Екатеринбург, Орск, Орынбор, Мәскеу, Түмен және Қорған қалаларынан қазақ бауырларымыз қатысты. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Сергазина соңғы жылдары әдістемелік көмек көрсету мақсатында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның ішінде, “Қандасым” жобасы аясында 90 қандасымыз қатысқан “Тілашар” курсы және табысталған 780 оқу-әдістемелік құралдарын атап өтті. @qazaq_tili_okildigiorynbor @tilqazyna