Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына барып, жаңа тыңдаушылар тобымен кездесіп қайтты.
📌 Аталған мекеме орталыққа арнайы өтініш жолдап, мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген болатын. Ал бүгін осы мекеме қызметкерлерінің 100 сағаттық қазақ тілі курсының бірінші сабағы өтті. Орталық директоры К.Х.Сергазина топ тыңдаушыларына мемлекеттік тілдің маңыздылығы мен қажеттігі туралы және оның қоғамның барлық саласында басымдықта болуы керек екенін баса айтып, қазақ тілінің мәртебесін жұмыла көтеруге шақырды. Сонымен қатар алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамытуда бірге жұмыс жасауға тілектестік білдіріп, мемлекеттік тіл үйренушілеріне сәттілік тіледі.