Screenshot


🔹 Евразиялық банк қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тіл курсының А2 деңгейі бойынша кезекті сабағы өтті.

📘 Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғауы

🎯 Сабақтың мақсаты – тыңдаушыларды қазақ тіліндегі тәуелдік жалғауының мағынасы мен қызметімен таныстыру, оны ауызекі және жазбаша сөйлеуде дұрыс қолдануға үйрету, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру арқылы тілдік дағдыларын дамыту.

📝 Сабақ барысында тәуелдік жалғауының түрлері теориялық тұрғыда түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар арқылы бекітілді. Қатысушылар жеке және жұптық жұмыстар орындап, өз ойларын еркін жеткізіп, сабаққа белсенді қатысты.

🇰🇿 Мемлекеттік тілді меңгеру – кәсіби қарым-қатынасты нығайтудың және қызметтік тиімділікті арттырудың маңызды факторы.

👩🏻‍🏫 Оқытушы: Н.Қ. Әділбекова

You may also like...