«Көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін дамыту» атты семинар-тренинг өтті.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыруымен өткен бұл шара тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, ересектердің көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін дамытуды басты мақсат етті.
📍Семинар-тренингтің бірінші бөлігі мемлекеттік қызметшілерге арналды. Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Құрманғазыұлы кіріспе сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің маңызы мен мәртебесі, көпшілік алдында дұрыс сөйлеу туралы сөз сөйлеп, шара қатысушылары мен спикерлеріне сәттілік тіледі.
✅ Қатысушылар семинар-тренинг барысында журналист, медиа-тренер Салтанат Қуанышқызынан «Көпшілік алдында сөз сөйлеу» тақырыбы бойынша мол ақпарат алса, ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе қаласындағы филиалының тренері, жанұялық психолог, травматерапевт Гүлжан Асылханқызынан қарым-қатынастағы қақтығыстарды басқару стратегиялары туралы жан-жақты мәліметтерді саралады. Ал SMM жетекші, ментор Ақмарал Көбегенқызы «Медиабелсенділік. Сапалы блог жүргізу» атты шағын тренинг өткізді.
💭 Қатысушылар спикерлерден ақпарат алып қана қоймай, олармен бірге бірнеше жағдаяттарды белсенді талқылап, арнайы жаттығу тапсырмаларын орындады. Одан бөлек тақырыпқа қатысты өзіндік сұрақтарын да қойып, ойларымен бөлісті.
📍 Шара соңында тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х. Серғазина семинар іс-шара жұмысын қорытындылап, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.