4 маусым күні Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлерімен тілдік дискриминацияға жол бермеу және алдын алу мақсатында кездесуге барды.

Кездесуде тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқығын кемсітушілікке жол бермеу және де мемлекеттік қызметкерлер арасында қазақ тілінің басымдылыққа ие болу керектігі жөнінде сөз қозғалды. Шара соңында Клара Хакімғалиқызы 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

You may also like...