«Республикам менің …» онлайн эссе байқауы!
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы
25 – қазан Республика күніне орай «Республикам менің …» онлайн эссе байқауын ұйымдастырады.
1. Жалпы ереже
Байқауды өткізудің мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
2) ересек тұлғалардың эссе жазу дағдысын дамыту, тіл мәдениеті арттыру;
3) үздік сауатты жұмыс авторларын анықтау, қолдау, марапаттау;
Байқауға қатысушылар; облыстық (аудандық) тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл курсы тыңдаушылары, ересек тұлғалар мен тіл жанашырлары.
Байқауды өткізудің тәртібі:
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
Байқауды өткізу туралы хабарландыру және байқау қатысушыларының материалдары орталықтың Instagram, Facebook парақшаларында орналастырылады.
Байқауға қатысу үшін жазбаша өтінім 2023 жылдың 16 қазан – 23 қазан аралығында ortaluktil@mail.ru электронды поштасына төмендегідей құжаттармен бірге қабылданады:
1. Өтінім;
2. «Республикам менің …» тақырыбында эссе («Word» форматындағы электрондық нұсқасы).
Байқаудың әділқазы алқасы қатысушылардың эссесімен танысады, талдайды, бағалайды. Белгіленген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қаралмайды.
2. Байқау талаптары
Эссенің жалпы көлемі 2 парақтан (А4) аспауы қажет, кеглі – 14, интервалы
– 1, парақтағы мәтін шекарасы – 1.
Эссе мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
– мәтіннің берілген тақырып пен жанрға сай болуы;
– мәтінде аталған қандай да бір фактілердің дұрыстығы;
– авторлық көзқарас, шыншылдық, айтылған ойдың эмоционалдығы;
– мәтінді құру тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы
және т.б.)
Бағалау: 5-10 ұпай аралығында.
Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
Жеңімпаздар туралы ақпарат Орталықтың интернет-ресурсында байқау аяқталғаннан кейін (ағымдағы жылғы 23 – қазан ) 5 жұмыс күні ішінде орналастырылады.
Орталық мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы 20А, Қазақстан халқы Ассамблеясы мекемесі, 1-қабат, 102 кабинет.
Байланыс телефоны: 8775 852 53 63