Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Г.Н.Төлегенова мен әдіскер А.С.Нұржанова ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, латын әліпбиіне көшу маңыздылығын түсіндіру- насихаттау мақсатында “ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ОҚУ,ЖАЗУ” тақырыбында Ақтөбе облыстық соты қызметкерлеріне семинар-тренинг өткізді.
Шара барысында жаңа әліпбидің маңыздылығы мен қажеттілігі, ерекшеліктері мен емле ережелері туралы ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар қызметкерлер оқу- жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қызықты да танымдық тапсырмалар орындап, диктант жазды. Семинар соңында мекеме басшысы өзінің алғысын білдіріп, осындай шараларды жие өткізу керектігін айтты.