Кеше Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы Президенттің қабылдауында болып, Қасым-Жомарт Кемелұлына Қазақ тілінің қазіргі жағдайы және жоспарлары жайлы баяндап, тілді тиісті биігіне шығару үшін бізге нақты шаруа, сала-сала бойынша нәтиже беретін тұрақты жобалар қажеттігін, соның ішінде латын жазуы, IT технологиялар, балаларға арналған бағдарламалар туралы айтты. Президент белгілі бір мақсатта ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым-қатынас құралдарын жасау аясында бірқатар тапсырмалар берді. Бүгінде мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Ана тілімізді дамытуға арнайы уақыт, ерекше көңіл бөліп, зор ықылас танытып жұмыла еңбек етейік. Тіліміздің тұғыры әрқашан биік болсын!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған