8 маусым күні орталық қызметкерлері Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірге “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына өз үлестерін қосып, “Тұңғыш Президент” паркінде сенбілік өткізді.
Қала тазалығы мен көркін арттырар бұл шара барысында ақтөбелік жастар мен отбасылардың сүйікті әрі көп демалатын орнына айналған парк сәні арта түсті.