Бүгін 6 қыркүйек күні “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкерлері 72 сағат А1 ағылшын тілі курсын аяқтап, “Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы” ММ “Тілдерді оқыту орталығы” КММ сертификаттарына ие болды.Топ оқытушысы Гүлдана Айниқызы тыңдаушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.Топ тыңдаушылары ағылшын тілінің келесі деңгейін қайта жалғастыруға ниет білдірді.