Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы директоры К.Х.Сергазина мен әдіскер А.С.Нұржанова ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде рөлін қалай күшейтуге болатыны жайлы және тіл үйренушілерге қажетті бағдарламалар мен курстар туралы әңгімелеп берді. Жағдаяттық тапсырмалар, қызықты жаттығулар орындап, тіл үйрену мәселелері бойынша сауалдарға жауап берді.