ENGLISH TIME💥
-ES жалғауының оқылуы
🔹Біз зат есімнің көпше түрін жасау үшін сөзге -S жалғанатынын білеміз.
Мысалы: lamp – lamps
🔹Егер зат есім -x, -s, -sh, -ch, -o әріптеріне бітсе көпше түр жасау үшін -es жалғанады және [ iz] деп оқылады.
Мысалы: box- boxes, class- classes
❗Алайда барлық сөздің аяғында -es тұрса [ iz] деп оқи беру қате. Кей сөздерде оқы [ s ] деп оқимыз.
Мысалы: file – files, mobile – mobiles.
🔹Егер зат есім -s, – ch, -sh, – x, -ge, -ce аяқталатын болса көпше түріне жалғанған -es [iz] деп оқылады.
Мысалы: page – pages, piece – pieces