Аналар күні
Аналар күні құтты болсын!
Қыркүйек айының үшінші жексенбісі аналарымыға алғыс айтып, құрметтеу күні екен. Дүниеде анасыз адам жоқ. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Сондықтан да жалғыз бүгін ғана емес, әрдайым аналарымызға ризашылығымызды көрсетіп, қадірлей білейік.
Дана қазағымның ана туралы айтылған сөздері өте көп. Мұхамбет Пайғамбардың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа , тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген. “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады”, “Жұмактың кілті – ананың табанында”. Осы сөздерден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік.
Қанша жерден есейсек те ана үшін біз әлі баламыз. Аналарымыз аман болсын.