Өзге ұлт жастары арасында қазақ тілін дәріптеуге арналған байқау өтті
Қазақстандық рухани бірлікті нығайту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ақындары өз өлкесін жыр еткен» атты облыстық байқау өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастардың жағымды бейнесін қалыптастыру және өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру.
Іс-шараға жалпы саны 13 жас қатысушы өз өнерлерін ортаға салды. Байқау өте жоғары деңгейде өтіп, өзге ұлт өкілдері үшін пайдалы және қызықты болды. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, келесі нәтижелерді жариялады:
Бас жүлде – Давыдова Наташа, “Дүние” колледжінің студенті;
1-орын: Ковальчук Томила Владимировна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенті;
2- орын:Юрченко Кирилл Игоревич және Давыдова Анастасия Николаевна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері;
3-орын: Булатова Дарина, “Дүние” колледжінің студенті, және Сидорова Анна Валерьевна, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенті.
Бұл байқау өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тілді насихаттауға және оны үйренуге деген қызығушылықты арттыруға зор үлес қосты. Шара соңында қатысушылар мен көрермендер қазақ тілінің маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, келешекте осындай іс-шараларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.