Бүгін, 19 наурыз күні Ақтөбе тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығы» директоры Қ.К. Даурембековтың қатысуымен тәжірибе алмасу семинар – тренингі өтті.
Бүгін, 19 наурыз күні Ақтөбе тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығы» директоры Қ.К. Даурембековтың қатысуымен тәжірибе алмасу семинар – тренингі өтті. Семинар – тренинг орталық басшысы К.Х. Серғазинаның «Біздің мақсат – тілдерді оқыту» тақырыбындағы кіріспе сөзімен ашылды.
Әрі қарай орталық оқытушылары мемлекеттік тілді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Ж.А. Умарова «Оқу-әдістемелік жұмыстар» тақырыбында қысқаша шолу жасап, оқу-әдістемелік бөлімнің маңызды жұмыстарын таныстырды.
З.Ж. Құлекенова «Қазақша сөйлесейік» жобасы және «Мәміле» сөйлесім клубының жұмысын талқылап, аталмыш клубтың маңыздылығын атап өтті.
А.Е. Оңталап «Цифрлық білім: Мемлекеттік тілді үйренудегі әлеуметтік желінің рөлі» тақырыбында, әлеуметтік желілердің мемлекеттік тіл үйренушілердің саны мен сапасына тигізетін әсерін түсіндірді.
З.М. Еспембетова «Қазақ тілін үйретудегі платформалардың мүмкіндігі» тақырыбында, қазіргі таңда қолданылып жүрген түрлі платформалардың тиімділігі жайлы өз тәжірибесімен бөлісті.
З.Ж. Құлекенова «Мемлекеттік тіл: цифрлық сауаттылық пен технологиялық құралдар» тақырыбында, тіл үйренуде қолданылатын цифрлық құралдардың маңыздылығы мен тиімділігін талқылады.
А.Б. Бақберген «Жеке тұлғаларға ағылшын тілін меңгерудің тиімді әдістері» тақырыбында ағылшын тілін үйренудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері туралы баяндады.