2025 жылы 2 шілдеде Астана қаласында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен екі күндік семинар өтті. Семинарға Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасы, Тілдерді оқыту орталығының директор орынбасары Г.Н. Төлегенова қатысты. Аталған семинар аясында «Тілді дамытуда цифрлық технологияны қолдану және жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында ашық диалог алаңы өтіп, өңірлердегі тіл оқыту үдерісі мен тілдік орта қалыптастырудағы заманауи әдістер талқыланды.




