Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәміле» пікір алмасу клубында Ақтөбе Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы З.Ж.Құлекенова орталықтың әдістемесімен «Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Мерейтой» тақырыбында қорытынды кездесу өткізді.

📍 Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәміле» пікір алмасу клубында Ақтөбе Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы З.Ж.Құлекенова орталықтың әдістемесімен «Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Мерейтой» тақырыбында қорытынды кездесу өткізді.
🗣️Клуб отырысы барысында қатысушылар мерейтойға байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысып, тақырыпқа сай ән шырқап, түрлі ойындар ойнады. Белсенді қатысу арқылы олар өз тілдік дағдыларын жетілдіріп, қызықты тәжірибе алмасты.
💬 Қатысушылар кездесу соңында жылы лебіздерін білдіріп, осындай ортада қазақ тілін үйренудің тиімді әрі маңызды екенін атап өтті.



