Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалында ерекше форматтағы сабақ өтті. Сабақ барысында қатысушылар экологиялық мәселелердің жаһандық деңгейдегі маңызын, қоршаған ортаны қорғаудың заманауи жолдарын және әр адамның табиғатқа жауапкершілігін тереңірек түсінді.

🔎 Сабақтың мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашыр көзқарасты дамыту және қазіргі әлемде экологиялық тұрақтылықтың рөлін ұғындыру.

Қатысушылар пікір алмасып, қызықты деректермен танысты және экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған интерактивті тапсырмаларды орындады.

Табиғатты аялау – бүгінгі емес, болашақтың да қамы. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Оқытушы: Оңталап А.Е

You may also like...