«Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Жағажайдағы демалыс» тақырыбында сөйлесімге бағытталған кезекті кездесу өтті.

Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының «Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында «Жағажайдағы демалыс» 🏖️ тақырыбында сөйлесімге бағытталған кезекті кездесу өтті.
Кездесу барысында тыңдаушылар жағажайда демалу кезіндегі жағдаяттарды қазақ тілінде сипаттап, өзара диалогтар құрып, сөйлеу дағдыларын жетілдірді. 🗣️
Балалар мен ересектерге арналған сөздік қорды кеңейтуге бағытталған қызықты тапсырмалар ✍️, жағажай мәдениеті мен қауіпсіздік ережелерін талқылау 🛟, жағдаяттық ойындар ұйымдастырылды. 🎯
Орталық оқытушысы: З.Ж. Құлекенова

You may also like...