«Ұлттық диктант – 2025»: Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі!
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, сауаттылықты насихаттау және қоғамда тіл мәдениетін қалыптастыру. Диктант жазуға әртүрлі сала өкілдерінің қатысуы — тілге деген құрмет пен бірліктің айқын көрінісі болды.
«Ұлттық диктант» жыл сайынғы дәстүрлі шара ретінде еліміздің барлық өңірінде өтеді. Бұл – азаматтардың қазақ тілін білу деңгейін тексерумен қатар, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.
Осы бастамаға Әділет департаментінің қызметкерлері де белсене қатысып, «Ұлттық диктант» жазды. Бұл — әр азаматтың мемлекеттік тілге деген құрметін, ұлттық сана мен рухани бірлікті дәріптейтін маңызды шара болды.