✍️ «Ұлттық диктант»
⚜️«Ұлттық диктант – 2025»: Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің алтын қазығы! 🇰🇿 🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің абыройын арттыру, сауаттылық мәдениетін насихаттау және қоғамда тілге деген құрметті күшейту. ✍️ «Ұлттық диктант» жыл сайын дәстүрлі түрде еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп келеді. Бұл шара азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтап қана қоймай, мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған маңызды бастама саналады. 📘 Биылғы диктантқа 3 қалалық емхананың қызметкерлері де ерекше белсенділік танытып, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде көрсетті. «Ұлттық диктант» — әрбір азаматтың ана тіліне деген құрметін, ұлттың рухани бірлігін айшықтайтын мәні зор шара. #ҰлттықДиктант #МемлекеттікТіл #ТілБірлігі



