«Ілу салу» – қазақтың ұлттық жоралғысы.

«Ілу салу» – қазақтың ұлттық жоралғысы. Бір нәрсені, затты сый ретінде беру, үйдің қабырғасына іліп қоюдан шыққан салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында жаңадан отау тігілгенде, жаңа үйге келген туысқандар, құда- жекжаттар өздерімен бірге басқа жосын-жоралғылармен бірге ілу әкелген. Жаңа түскен келінді сол елдің туған-туысы, ағайыны мен көршілері үйлеріне шақырып, есік көрсету рәсімін жасап, қонақ ететін болған. Жас келінді үйіне қонаққа шақырып, дастарханын жайған адамға міндетті түрде ілу апару керек. Ілуге мата, көйлек-көншек, кілемше, бағалы әшекей бұйымдарды ала барады. Әрине, мұның барлығын ұйымдастыратын, қонаққа барған үйіне ілу апару ененің міндетіне кіреді. Жас келін қонақ болып барған үйіне сәлем беріп кіргеннен кейін апарған затын босағаға іліп кететін болған. Содан «ілу» салты сақталған.

тағылым

салтдәстүрсөйлейді

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған