«Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналдың №1 (31) саны өз оқырмандарына қарай жол тартты.

Қымбатты оқырмандар!«Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме»ақпараттық-әдістемелік журналдың №1 (31) саны өз оқырмандарына қарай жол тартты. Баспасөз айдынында өзіндік бағыт-бағдары айқындалған «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме»ақпараттық-әдістемелік журналы 2014 жылдан бастап жарық көріп келеді. Басылымның атауы айтып тұргандай, басты мақсаты – қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру және тіл оқытушыларына, әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету. Журнал облыс педагогтарының сүйікті басылымына айналды десек,артық айткандық болмас. Ақтөбе қаласы және аудандардан, әсіресе, Алға, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда, Қарғалы, Хромтау, Темір, Шалқар аудандары білім саласы қызметкерлерін зерделі оқырмандар ғана емес, ортақ іске белсене ат салысатын авторларымыз деп танимыз. «Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылдық керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек»,-деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, авторлардан журналдың келесі нөміріне шығатын №2 санына жаңашыл мазмұндағы мақалалар күтеміз. Сіздерді тек оқырман ғана емес, ортақ іске белсене ат салысатын авторымыз да болады деп сенім білдіреміз. Басылым – тегін. Журналды Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы,20 А мекенжайынан алып кете аласыздар, ал электронды нұскасын https://til-aktobe.kz/ortaly-nimder сілтемесі аркылы жүктеп ала аласыздар.Сұрақтар бойынша: 55-83-45

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған