⚜️«Ұлттық диктант – 2025»

⚜️«Ұлттық диктант – 2025»

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің алтын қазығы! 🇰🇿

🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің абыройын арттыру, сауаттылық мәдениетін насихаттау және қоғамда тілге деген құрметті күшейту.

✍️ «Ұлттық диктант» жыл сайын дәстүрлі түрде еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп келеді. Бұл шара азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтап қана қоймай, мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған маңызды бастама саналады.

📘 Диктантқа Ақтөбе облысы “ҚазақОйл” ЖШС компаниясы қызметкерлері де ерекше белсенділік танытып, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін іс жүзінде көрсетті. «Ұлттық диктант» — әрбір азаматтың ана тіліне деген құрметін, ұлттың рухани бірлігін айшықтайтын мәні зор шара. #ҰлттықДиктант #МемлекеттікТіл #ТілБірлігі

You may also like...