⚜«ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» АТТЫ ФОРСАЙТ-СЕССИЯ ӨТТІ.
Бүгін Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тіл оқытушыларына арналған «ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» атты форсайт – сессия ұйымдастырды.
🔹Мақсаты: Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілді оқытуда жасанды интеллекттің тиімділігі мен шектеулерін талқылау, тіл үйретуді заманауи технологиялармен ұштастыру.
🔹Форсайт-сессияның ашылуында
Тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бас маманы Сағынбаева Қызғалдақ Қожахметқызы сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.
🎤Форсайт – сессия модераторы – Тілдерді оқыту орталығының директоры Серғазина Клара Хакімғалиқызы “Қазақ тілі және жасанды интеллект: бүгін мен болашақ” тақырыбына тоқталып, мемлекеттік тілді цифрлық кеңістікте дамыту мен инновациялық әдістерді қолданудың өзектілігін атап өтті.
🎓 Спикерлер өз баяндамаларында жасанды интеллекттің тіл үйрету мен білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерін ашып көрсетті:
🔹 Ұлықпанова Әлия Жолдасқалиқызы, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ аға оқытушысы, ф.ғ.м., докторант — “Цифрлық оқыту ортасы және фольклорлық танымды жаңғырту: ЖИ құралдарын тиімді енгізу тәжірибесі” тақырыбында баяндама жасап, тәжірибелік мысалдармен бөлісті.
🔹 Асанбай Бәдигүл Зейнуллақызы, “Өрлеу” БАҰО” АҚФ Ақтөбе облысы бойынша КДИ кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының магистрі — “Білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен болашағы тақырыбында мазмұнды сөз сөйлеп, білім беру жүйесіндегі заманауи платформаларға тоқталды.
🔹Тілдерді оқыту орталығының жас оқытушылары Замира Кәрім, Нұрай Әділбекова, Олжас Әбілтай «Тіл үйретуде ЖИ технологияларын оқыту үдерісіне енгізу», «Мемлекеттік тіл оқыту жүйесіне ұлттық мәдени контентті ЖИ арқылы интеграциялау», «Оқытушы — жасанды интеллектті басқарушы архитектор» тақырыптарында іс-тәжірибесімен бөлісті.
🤝 Форсайт-сессия аясында қатысушылар қазақ тілін оқытуда заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану жолдарын талқылап, өзара пікір алмасты.
📌 Іс – шара цифрлық кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданысын, қазақ тіліндегі контенттердің саны мен сапасын арттыруға, тіл оқытудың жаңа әдістері туралы ақпарат беруге,тіл саясатын дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға үлесін қосты деп сенеміз.




