«Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында 25 қазан Республика күніне орай «Республика күні – елдіктің мерекесі» атты мерекелік кездесу өткізілді.

📍 Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәміле» пікір алмасу клубында Ақтөбе облысының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы З.Ж. Құлекенова «Қазақша сөйлесейік» жобасы аясында 25 қазан Республика күніне орай «Республика күні – елдіктің мерекесі» атты мерекелік кездесу өткізілді.
🇰🇿 Сабақ елдік рух пен патриоттық сезімді оятатын мазмұнды әңгімелермен басталды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірге орындап, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы пікір алмасты.
🗣️ Сабақ барысында мерекеге байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестері таныстырылып, шағын диалогтар құрастырылды. Тілдік ойындар ойнатылып, сөздік қорды байытуға арналған тапсырмалар орындалды.
🎉 Қатысушылар қазақ тілін осындай еркін әрі жылы ортада үйренудің қызықты және тиімді екенін атап өтті. Сабақ мерекелік көңіл-күйде, көтеріңкі атмосферада өтті.



