🔹 Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінде мемлекеттік тіл курсының В1 деңгейі бойынша кезекті сабақ өтті.


🔹 Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінде мемлекеттік тіл курсының В1 деңгейі бойынша кезекті сабақ өтті.
📘 Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы
🎯 Сабақтың мақсаты – тыңдаушыларға қазақ тіліндегі сөз құрамын таныстыру, түбір мен қосымшалардың (жұрнақ, жалғау) айырмашылығын түсіндіру, сөздердің дұрыс жасалу жолдарын меңгерту және грамматикалық сауаттылықты арттыру. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде сауатты, жүйелі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
📝 Сабақ барысында сөз құрамына қатысты теориялық материалдар түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар арқылы бекітілді. Тыңдаушылар сөздерді құрамына қарай талдап, сөйлем ішінде дұрыс қолдануға дағдыланды, тақырып бойынша белсенділік танытты.
🇰🇿 Мемлекеттік тілді меңгеру – әскери қызметте кәсіби міндеттерді сапалы орындаудың және тұлғалық дамудың маңызды кепілі.
👩🏻🏫 Оқытушы: Н.Қ Әділбекова



