11-сабақ.1 межелік бақылау

I межелік бақылау

1-тапсырма. Тест сұрақтары.

  1. Төмендегі сөздердің қайсысы жанды зат есім?
  2. A) Кітап
    B) Терезе
    C) Мұғалім
    D) Қала
  3. Төмендегі сөздердің қайсысы жансыз зат есім?
  4. A) Балалар
    B) Өзен
    C) Құс
    D) Адам
  5. Сөйлемнен сан есімді табыңыз:

«Сыныпта жиырма оқушы отыр.»
A) сыныпта
B) жиырма
C) оқушы
D) отыр

  1. Осы сөйлемдегі сөздердің қайсысы атау септігінде тұр?

«Айнұр дәптерін партаға қойды.»
A) Айнұр
B) дәптерін
C) партаға
D) қойды

  1. Сөйлемнен белгісіздік есімдігін табыңыз:

«Біреу есікті баяу қақты.»
A) есікті
B) баяу
C) біреу
D) қақты

  1. Төмендегі нұсқалардың қайсысы белгісіздік есімдігі?
  2. A) мен
    B) сен
    C) әлдекім
    D) ол
  3. Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз:

«Мен бүгін сабаққа бара алмаймын.»
A) мен
B) сабаққа
C) бара
D) бара алмаймын

 

  1. Төмендегі етістіктердің қайсысы болымсыз етістік?
  2. A) келеді
    B) жазды
    C) айтпайды
    D) оқыды
  3. Қай сөйлемде алуан (сан есім емес) белгісіздік мағыналы сөз қолданылған?
  4. A) Алаңда бес бала ойнап жүр.
    B) Мұнда алуан түрлі гүл өседі.
    C) Үш кісі келді.
    D) Екі дос кездесіп қалды.
  5. Сөздердің қайсысы жанды зат есімге жатады?
  6. A) Тау
    B) Орындық
    C) Әже
    D) Дәптер

 

2-бөлім

1-тапсырма. Мәтінді оқып сұрақтара жауап беріңіз.

 

Бүгін Еркеназ кенеттен ауырып қалды. Анасы жедел жәрдем шақырды. Дәрігер оны тексеріп, жүрегін тыңдады, мектепке анықтама жазып берді. Қан тапсыруға жолдама берді. Зерттеу бойынша оның бауыры мен бүйрегі ауырмайды екен. Оған тұмау тиген екен, қатты жөтеліп жатыр. Дәрігер Еркеназға суық тигенін айтты.

 

2-тапсырма. Толықтырыңыз

 

Ақпарат Дұрыс Қате
1. Еркеназ екі күн ауырды.    
2. Еркеназды анасы бірден ауруханаға апарды.    
3. Дәрігер мектепке анықтама жазып берді.    
4. Еркеназдың жүрегі ауырмайды    
5. Еркеназ жөтеліп жатыр.    

 

3-тапсырма. Берілген сөздерді жауап парағында берілген кестеге септеңіз.

Еркеназ, дәрігер, бауыр, бүйрек, ана.

You may also like...