42-сабақ.3 межелік бақылау

Межелік бақылау

1-бөлім

  1. Сөйлемнен көмекші етістікті табыңыз:

«Ол бүгін келіп қалған екен.»
A) екен
B) бүгін
C) келіп
D) қалған

  1. Төмендегі сөздердің қайсысы көмекші етістік?
  2. A) отыр еді
    B) қалам
    C) әдемілеу
    D) дәптер
  3. Сөйлемнен көмекші есімді табыңыз:

«Мектептің қасында дүкен бар.»
A) мектептің
B) қасында
C) дүкен
D) бар

  1. Төмендегі сөздердің қайсысы көмекші есімге жатады?
  2. A) алдында
    B) үлкен
    C) жақсы
    D) дәптер
  3. Қай сөйлемде көмекші сөз (шылау) қолданылған?
  4. A) Мен сабаққа бардым.
    B) Біз мектепке дейін бірге бардық.
    C) Асан жүгіріп келді.
    D) Кітап сөреде тұр.
  5. Сын есімнің күшейтпелі шырайын көрсетіңіз:
  6. A) жақсырақ
    B) ең жақсы
    C) өте жақсы
    D) жақсы
  7. Төмендегі қай сөз салыстырмалы шырай?
  8. A) жаман
    B) жамандау
    C) тым жаман
    D) ең жаман

 

 

  1. Сөйлемнен салыстырмалы шырайдағы сын есімді табыңыз:

«Бұл жол ана жолдан кеңірек.»
A) бұл
B) жол
C) кеңірек
D) ана

  1. Болжалдық сан есімді таңдаңыз:
  2. A) үш жүз
    B) он шақты
    C) бес
    D) алты
  3. Қай нұсқада болжалдық сан есім берілген?
  4. A) жеті
    B) отыз
    C) қырыққа жуық
    D) тоғыз
  5. Сөйлемнен болжалдық сан есімді табыңыз: «Ауылға ондаған қонақ келді»
    A) ауылға
    B) ондаған
    C) қонақ
    D) келді
  6. Етістіктің осы шақ формасы тұрған нұсқаны табыңыз:
  7. A) жазып отыр
    B) жазды
    C) жазады
    D) жазар
  8. Қай нұсқада өткен шақ етістігі бар?
  9. A) барады
    B) барып жүр
    C) барды
    D) барар
  10. Сөйлемнен келер шақ етістікті табыңыз:

«Ертең олар ауылға баратын болады.»
A) ертең
B) олар
C) баратын болады
D) ауылға

  1. Төмендегі қай сөйлемде көмекші етістік қолданылған?
  2. A) Ол үйге ерте келді деді.
    B) Мен сабақты түсініп алдым.
    C) Бала далада ойнап жүр.
    D) Асан кітап оқыды.

2-тапсырма. Сөз тіркестерін құраңыз.

  1. қол

2.тарихи

4.сахнада

  1. жарықты

6.көрермендер

7.комедиялық

Қойылым , өшіру,  кейіпкер, ойнайды , риза болды , шапалақтайды

 

3-тапсырма. Сөздерден сын есім жасаңыз.

Мысалы: күз – күзгі

Қыс, Көктем, бұрын, биыл , былтыр, бүгін, ертең , кеше.

You may also like...