44-сабақ.межелік бақылау №3

№3 бақылау жұмысы.

 

1.Ақтөбе қаласы қайда орналасқан?

А) Солтүстік Қазақстан

Ә) Батыс Қазақстан

Б) Оңтүстік Қазақстан

В) Шығыс Қазақстан

 

  1. «Мен кітап оқыдым» сөйлеміндегі етістік қандай шақта?

А) Өткен шақ

Ә) Келер шақ

Б) Осы шақ

 

  1. 3. Мемлекеттік рәміздерге не жатады?

А) Елтаңба, ту, әнұран

Ә) Музей, кітапхана, театр

Б) Сағат, күн, жыл

В) Кинотеатр, сурет галереясы

 

  1. Болымсыз етістік қандай мағына береді?

А) Іс-әрекетті орындау

Ә) Іс-әрекетті орындамау

Б) Мақсатты көрсету

 

  1. «Мен сабақты жақсы оқып жүрмін» – қандай шақ?

А) Өткен шақ

Ә) Осы шақ

Б) Келер шақ

 

6.Наурыз мерекесі қашан тойланады?

А) 1 қаңтар

Ә) 22 наурыз

Б) 25 желтоқсан

В) 1 мамыр

 

7.Жұлдызнама бойынша «Суқұйғыш» белгісі қай айға тиісті?

А) қаңтар

Ә) ақпан

Б) наурыз

В) сәуір

 

  1. 8. Наурыз мейрамының басты тағамы қалай аталады?

А) Бесбармақ

Ә) Қазы-қарта

Б) Наурыз көже

В) Палау

 

  1. Ақтөбе қаласындағы танымал мәдени орынды көрсетіңіз:

А) “Астана Опера” театры

Ә) Тұңғыш Президент саябағы және “Нұр Ғасыр” мешіті

Б) Медеу мұз айдыны

В) Көлсай көлдері

 

  1. “Жыл он екі ай” ішіндегі күз айларын атаңыз:

А) Маусым, шілде, тамыз

Ә) Қыркүйек, қазан, қараша

Б) Желтоқсан, қаңтар, ақпан

В) Наурыз, сәуір, мамыр

11.”Менің туған күнім” тақырыбында сөйлемді толықтырыңыз: “Мен туған күнімде қонақтарды …”

А) шақырмаймын

Ә) асыға күтемін және дастарқан жаямын

Б) ұйықтаймын

В) жұмысқа барамын

 

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторларын көрсетіңіз:

А) А. Байтұрсынов, М. Дулатов

Ә) Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев

Б) М. Төлебаев, Е. Брусиловский

В) А. Құнанбаев, С. Сейфуллин

 

  1. “Жас маман” үшін ең бірінші кезектегі құжат:

А) Жеке куәлік

Ә) Диплом және еңбек кітапшасы

Б) Мұражай билеті

В) Кино афишасы

 

  1. Сөйлемді толықтырыңыз: “Менің Қазақстаным — …”

А) өте кішкентай мемлекет.

Ә) байтақ, тәуелсіз және көпұлтты мемлекет.

Б) тек мұражайлардан тұрады.

В) жұлдызнамаға сенбейді.

 

  1. Сын-бейне үстеуін табыңыз:

А) Ертең

Ә) Тез

Б) Өте

 

  1. “Оқып отырмын” етістігі қай шақта?

А) Өткен шақ

Ә) Осы шақ

Б) Келер шақ

 

  1. “Жақсы” сөзінің синонимін табыңыз:

А) Жаман

Ә) Тәртіпті

Б) Тамаша

 

  1. Топтау үстеуін табыңыз:

А) Бір-бірлеп

Ә) Қазір

Б) Мүлдем

 

  1. Өткен шақты табыңыз:

А) Келеді

Ә) Келді

Б) Келіп тұр

 

  1. “Жылдам” сөзінің синонимін табыңыз:

А) Баяу

Ә) Шапшаң

Б) Биік

 

 

 

You may also like...