МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Бүгін 17 желтоқсанда Ақтөбе қаласында Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина мен Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Бисенғалиева арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 🤝 Меморандумның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ересек тұлғалардың тілдік белсенділігін күшейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау. 📚 Тараптар бірлескен іс-шаралар өткізу, тілдерді оқыту әдістемелерін жетілдіру, тәжірибе алмасу, ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыру бағытында өзара ынтымақтастықта жұмыс атқаратын болады. ✨ Бұл келісім облыстың ересек тұлғаларының тілдік әлеуетін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.



