2026 жылғы 10 қыркүйекте Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған іс-шараға Тілдерді оқыту орталығының директоры Г.Н. Төлегенова қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде тіл оқыту саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қызметкерлер тарапынан баяндамалар ұсынылды. Пленарлық мәжілістен кейін конференция жұмысы үш секция бойынша жалғасын тапты. Секция отырыстарында қатысушылар ғылыми баяндамаларын ұсынып, өзара пікір алмасты және тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция қорытындысы бойынша Г.Н. Төлегенова үш секция жұмысына белсенді қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мемлекеттік тілді дамыту, оны оқыту әдістемесін жетілдіру және озық тәжірибелермен бөлісу бағытындағы мұндай ғылыми алаңдардың маңызы зор.








