🔱А2 деңгейінде мемлекеттік тіл курсының кезекті сабағы өтті.
📚Сабақ барысында тыңдаушылар «Бәрібір жақсы көремін» тақырыбы аясында түрлі тапсырмалар орындады. Оқу үдерісінде сын есімнің ережелері түсіндіріліп, оның сөйлемдегі қызметі мысалдар арқылы талданды.
📚Тыңдаушылар берілген тапсырмаларды ұқыптылықпен және белсенді орындап, жаңа сөздермен танысты, сөздік қорларын молайтты. Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Жаттығулар арқылы теориялық білім практикамен ұштастырылып, тілдік дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
✨Тіл үйрену бізбен жеңіл!
Оқытушы: О.Т Әбілтай.






