Шетелдегі қандастармен, соның ішінде Орынбор облысындағы қазақ диаспорасы өкілдерімен мәдени-гуманитарлық байланыс жалғасып келеді. Сәйесінше, “Татулық – достықтық киелі бесігі” атты Орынбор облысындағы қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған іс-шара бұл жылы да өз жалғасын тапқан болатын. Екі ел арасындағы татулық мен ынтамақтастықты нығайтуға, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге, шетелдегі қандастарымыздың ана тілі мен қанында бар ұлттық құндылықты ұмытпауға септігімізді тигізіп жатқанымыз үшін Халықтар достығы үйінің құрметті президенті С.С. Таикешева, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Мемлекеттік думасының депутаты В.М. Заварзин “Тілдерді оқыту орталығы” КММ-нің директоры Серғазина Клара Хакимгалиевнаға және директор орынбасары Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызына ерекше алғыстарын білдіріп, алғысхатпен марапаттады.