⚜️ Бүгін Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінде «Адалдық – әділ қоғамның негізі» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру сабағы ұйымдастырылды.
⚜️ Сабақтың басты мақсаты – жеке құрам арасында адалдық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру болды.
⚜️ Сабақ барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына тигізетін кері әсері түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерді адал атқару және әскери қызметшінің жауапкершілігі туралы кеңінен айтылды. Тыңдаушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырып аясында сұрақтар қойып, кері байланыс орнатты.
⚜️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ашықтық пен әділдік қағидаттарын берік ұстану арқылы ғана құқықтық мемлекет құру жолында нақты нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
⚜️ Адалдық – сенімнің негізі, ал сенім – қоғамның тұрақты дамуының кепілі.
#мқіа #адгс #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #елгеқызмет




