⚜️Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінің қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тіл курсының С1 деңгейі бойынша кезекті сабақ өткізілді.

⚜️Көкіұлы Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінің қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тіл курсының С1 деңгейі бойынша кезекті сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы – «Жауынгерлік есепке дайындау және септік жалғауларының орынды қолданылуы». Сабақ барысында әскери қызметке қатысты терминдер мен ресми құжаттардағы тілдік нормалар түсіндіріліп, септік жалғауларын дұрыс қолдану жолдары жан-жақты талқыланды.

Тыңдаушылар практикалық тапсырмалар орындап, кәсіби қызметте мемлекеттік тілді сауатты қолдану дағдыларын жетілдірді. Сабаққа қатысушылар белсенділік танытып, тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

📌Мемлекеттік тілді меңгеру – кәсіби біліктілікті арттырудың және қызметтік құжаттаманы сапалы жүргізудің маңызды негізі.

Оқытушы: Калиева А

You may also like...