15 тамыз — қазақ вальсінің королі атанған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
Шәмші Қалдаяқов 300-ден астам әннің авторы. Оның «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Бақыт құшағында» сынды шығармалары қазақ музыкасының алтын қорына енді.
«Менің Қазақстаным» әні кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының әуеніне айналды.




