“Мемлекеттік тіл – мерейім”
Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Сергазина облысымыздың СНПС ірі мұнай кәсіпорнында “Мемлекеттік тіл – мерейім” атты іс – шараға қатысты. Жиынға қатысушылар, аудармашылар мекемедегі қазақ тіліне қатысты шаралар, басқарма басшылары құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуі туралы баяндады. Орталық директоры қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің басымдықта болуына тоқталып, жастар жағына ұлттық құндылықтарымыз бен сан ғасырлық дәстүрімізді жас ұрпақ санасына сіңіру үшін балаларды қазақ мектебіне беру маңыздылығын баса айтты. Және қызметте қажетті, тұрмыста пайдалы тілдік интернет ресурстарды атап өтті: – термин іздесеңіз “Terminkom.kz”; – сауатты, қатесіз жазу үшін “Emle.kz”; – сөздердің мағынасымен танысуға «Sozdikqor.kz»; – құжаттарды қазақ тілінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар «Qujat.kz»; – қазақ тілін оқуға арналған веб-сервис “Tilqural.kz”.