“Мен қазақ тілінде қызмет көрсетемін” акциясы
Маусым айынан бастап Тілдерді оқыту орталығы ұжымы, еріктілер тобы шағын және орта бизнеc өкілдеріне “Мен қазақ тілінде қызмет көрсетемін” акциясы аясында әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Түрлі бизнес өкілдеріне сөздер мен сала бойынша сөз орамдарын, диалогтар мен тілдік жағдаяттарды қамтитын “Тілашар” сөздігін, 8 тақырып бойынша буклеттерді ( “Халыққа қызмет көрсету орталығында”, “Шаштаразда”, “Дәріханада”, “Ас мәзірі”, “Азық-түлік дүкенінде”, “Таксиде”, “Тұрмыстық техника дүкенінде”, “Банкте”, “Пәтер иелері кооперативінде”) және А 3 форматтағы QR сөздікті қоғамдық орындарда тегін таратып келеді.